KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Қуат Тұмабаев қызметінен кететін болды

13.08.2018, 05:55 224

Облыс орталығында жуықта жаңа басшы тағайындалады. Бұл жөнінде жаңа ғана аяқталған кеңейтілген әкімдік мәжілісінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Сіздердің алдарыңызда ашық айтқым келген тағы бір жайт, ол биылғы сәуірде Риддер қаласында шенеуніктердің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты мәселе. Бұл оқиға осы уақытқа дейін қоғамда жиі талқыланып, БАҚ-та жеткілікті жазылды. Оқиғаға кінәлі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев тиісті жазасын алып, сотталды. Сонымен қатар, Риддер қалалық ішкі істер басқармасының бірқатар басшылық қызметтегі және қатардағы полицейлері де қызметтерімен қош айтысты. Оқиғаға қатысы бар шенеуніктердің ісі Әдеп кеңесінде қаралды. Сондықтан осының бәрін таразылай келе, мен Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа осындай жағдайдан кейін жоғары басшылық қызметте қала алмайтындығын, оған моральдық құқығы жоқтығын, өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуы керектігін айттым. Сондықтан, алдағы уақытта облыс орталығы – Өскемен қаласында жаңа әкім тағайындалатын болады, - деді Даниал Ахметов.


Бұған себеп, Риддердегі оқиға болып отыр. 19 жасар Евгений Смольниковты көлікпен қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманғалиевтің қасында Қуат Тұмабаев отырған болатын. Ол куәгер болса да, халық алдында оқиғадан кейін абыройы төмендеп, оған қатысты сын айтушылар көбейіп кеткен болатын.


Сонымен, облыс басшысының сөзінен кейін Қ.Тұмабаевқа жұмыстан өз еркімен кетуге өтініш жазу ғана қалып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив