KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Қуат Тұмабаев Өскемен әкімі қызметінен кетті

16.08.2018, 07:38 162

Қуат Тұмабаев өз еркімен, ресми түрде Өскемен әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– 13 тамызда Өскемен әкімі Тұмабаев қызметінен кететіні жайлы арыз жазды. Өскемен қаласы әкімінің қызметінен кетуі ҚР Президентінің 2002 жылдың 29 наурызындағы  №828 жарлыққа сәйкес келеді, – деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.


Ведомство мәліметінше, қала әкімінің орынбасары Булавкина Ольга Александровна ШҚО облыс орталығы әкімінің міндетін уақытша атқарады.


Мұның алдында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тұмабаевқа жұмыстан кетуді ұсынған болатын. «Меніңше, Қуат Тұмабаевтың осындай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ. Мен оған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсындым» деген еді Даниал Ахметов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив