KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде «Мерейлі отбасы-2018» байқауының жеңімпаздары анықталды

24.05.2018, 11:23 183

Өскеменде отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық байқауының облыстық кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Отбасындағы тәрбиенің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын айқындап тұр. Облыс орталығында өткен «Мерейлi отбасы –2018» байқауының ақтық кезеңіне өңіріміздің қала-аудандарынан келген 19 отбасы қатысты.


Драма театрдың байқау өтетін залында ине шаншар жер болмады. Оюлы шапан, камзол сияқты ұлттық киімдер киген қатысушылар байқауға балаларымен, немере-шөберелерімен келген.


– Отбасы қашанда рухани және мәдени құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрді сақтаушы, жалғастырушы, – деді салтанатты шараны ашқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит. – Отбасын қолдау, ана мен бала денсаулығын қорғау - еліміздегі басым бағыттардың бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтатындай, Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Балаға патриоттық тәрбие беруде жанұяның маңызы зор. Бес әлеуметтік бастама да отбасылар мен азаматтардың жағдайын арттыру үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруге, салық жүктемесін азайтуға бағытталған. Алтын алқалы, күміс алқалы 25 мыңнан астам батыр ана – еліміздің мақтанышы.


Сарапшылардың шешімімен семейлік Қанаевтар отбасы байқау жеңімпазы атанды. Екінші орынды – аягөздік Анапьяновтар отбасы, үшінші орынды – зыряндық кеншілер Дмитрий мен Татьяна Грислит отбасы иеленді. Барлық жеңімпаздарға тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машинасы сияқты бағасы сыйлықтар берілді. Ал көкпектілік Сыдықовтар «Көп балалы жас отбасы» аталымына ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив