KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

«Үздік қазақстандық отбасы» жеңімпаздары марапатталды

9.09.2013, 18:00 125


Өткен демалыста «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Өскемен қалалық филиалы неке және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Үздік қазақстандық отбасы» қалалық байқауын өткізді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Үздік қазақстандық отбасы» қалалық байқауының жеңімпаздарын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев марапаттады.

– Мемлекет басшысы отбасы мәселелеріне қашан да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан «Неке мен отбасы туралы» Заңды қабылдаған, отбасы мәселелерімен айналысатын арнайы комиссия ққрылған азғана мемлекеттердің бірі. Осы ретте биылғы жылдан бастап отбасы құндылықтарын насихаттау үшін жаңа мереке - Отбасы күні енігізіліп отыр. Елімізде жасалып жатқан барлық игі шаралар отбасының беркітігіне бағытталған. Алдағы уақытта да бұл іс жалғасын табатын болады. Барлық отбасыларға бақ-береке тілеймін, – деді Бердібек Сапарбаев өз құттықтауында.

Өңір басшысы «Еңбек әулеті» номинациясы бойынша «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясынан Заруцкийлер отбасын ққрмет грамотасымен, төс белгімен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив