KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, ОШ
441.58 480 4.86

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жеңілдей түседі

23.05.2018, 05:58 114

Зейнеткерлік төлемдері алу үрдісі елімізде ағымдағы жылдың шілде айынан бастап айтарлықтай жеңілдетіледі.


Қазақстандағы зейнетақы төрт түрге бөлінетіндіктен, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу кезінде бірнеше мекемеге құжат өткізуге тура келетін. Енді шілдеден бастап бұл тәртіп жеңілдейді.


Зейнет жасына жеткен азаматтар зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бірыңғай мекеме – мемлекеттік корпорацияға жүгіне алады. Сондай-ақ, зейнетақының үш түрін рәсімдеуге бір ғана өтініш пен бірқатар құжаттарды өткізу жеткілікті болмақ. Атап айтқанда, мемлекеттік базалық, жас бойынша және БЗЖҚ зейнетақысын. Ал мемлекеттік кепіл зейнетақысы автоматты түрде өтінішсіз аударылады.


Төлемдердің барлық түрі бір уақытта және бір банк шотына жіберіліп отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив