KZ
Өскемен
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Елімізде "Менімен қазақша сөйлес" акциясы басталды

22.05.2018, 06:20 165

«Нұр Отан» партиясы «Менімен қазақша сөйлес» партиялық акциясын бастады, деп хабарлайды Қазақпарат.


Партияның әлеуметтік желілердегі парақшасында рухани жаңғыру мемлекеттік тіл мәртебесінен басталуы керектігі жазылған. Қазақ тілінің  мәртебесін көтеріп, насихаттау және қолданыс аясын кеңейту бәрімізге ортақ міндет.



«Бүгіннен бастап күнделікті өмірде отбасымызда бір-бірімізбен, балаларымызбен, айналамыздағы жандармен мүмкіндігінше қазақша сөйлесуге тырысайық. Жұмысымызда, қоғамдық орындарда, көліктерде қазақ тілін кеңінен пайдаланайық. Өзгелердің қазақ тіліне мойын бұруына, қазақшасын жетілдіруге ықпал етейік», - делінген үндеуде.


Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне жағдай тудырып, көмек беруге шақырып отыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив