KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Бородулихада «Біз қазақша сөйлейміз!» акциясы өтіп жатыр

19.02.2013, 18:00 338


Бородулиха ауылдық округінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және барлық тұрғындар арасында кеңінен қолдану мақсатында «Біз қазақша сөйлейміз!» акциясы басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде аудандық әкімдікте мәлімдеді.

Аталмыш акцияға округтің барлық ұйымдары мен мекемелері қатысады. Іс-шара барысында барлық қызметкерлер қызметтік міндеттерін тек мемлекеттік тілде орындауға тиіс. Олар өзара мемлекеттік тілде сөйлеседі, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, құжаттарды да қазақ тілінде толтырады.

Ұйымдастырушылар осындай шаралар мемлекеттік тілді қолдану шеңберін кеңейте түседі деген пікірде.

«Біз қазақша сөйлейміз!» акциясы 22-ақпанға дейін созылады.

Акцияның нәтижесі бойынша қорытынды шығаралады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив