Головкиннің промоутері 2018 жылы қанша жекпе-жек болатынын айтты
Промоутер Том Леффлердің айтуынша, WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин биылғы жылы екеу емес, үш жекпе-жек өткізуі мүмкін.
2016 және 2017 жылдары Головкин екі жекпе-жектен өткізді. Биыл ол әзірге бір рет шаршы алаңға шықты, қазақстандық боксшы 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқаны белгілі.
Головкиннің келесі қарсыласы — Cауль "Канело" Альварес. Қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекке жоспарланып отыр.
Дереккөз: sputniknews.kz
Оқи отырыңыз