KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 8 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Тыл ардагерлері 9 мамырға орай берілуге тиіс төлемдерін қашан алады?

19.05.2018, 03:42 196

Жеңіс күні өтіп кетсе де, бірқатар зейнеткерлер осы мейрамға қарай бюджеттен төленуге тиіс бір реттік көмек ақшаны әлі күтіп жүр. Мұндай жағдай Өскемен мен Риддер қалаларында орын алып отыр.


Естеріңізге сала кетсек, жыл сайын қалалық және аудандық бюджеттерден мереке күндеріне бір реттік төлемдер беріледі. Мемлекеттің бұл ақшалай көмегін азаматтардың кейбір санаттары ғана ала алады, оның ішінде тыл еңбеккерлері Жеңіс күніне орай ақшалай үстеме алуға тиіс. Бірақ көмек тыл еңбеккерлерінің барлығына берілмейтінін айта кету керек. Жұмыспен қамту бөлімінің ақпаратына сүйенсек, Өскеменде 10 мың теңге үстеме Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО орден, медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлеріне, 5000 теңге – 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес уақыт жұмыс істеген не қызмет еткен тұлғаларға ғана төленеді екен.


Өскемен және Риддер қалаларындағы осы төлемдерді алуға тиіс тыл еңбеккерлері ақшаның түспей жатқанын айтып, шағымдануда.


-Мейрам өтіп кетті, ал ақша берілмеді, - дейді олар.


Риддердің жұмыспен қамту бөлімінде ақшаның облыс бойынша бірыңғай стандартқа сәйкес төленетінін айтуда. Яғни, қаражат тыл еңбеккерлерінің шотына мамырдың екінші жартысында түседі екен. Ал Өскемендік жұмыспен қамту бөлімінде мұндай төлемдер сәуірде төленіп басталғанын және қаржыландыру жоспары бойынша мамыр айының соңына дейін созылатынын хабарлады.


-Айдың соңына дейін Өскемендегі барлық тыл еңбеккерлері ақшаларын алады, - деп сендірді аталмыш мекемеде.


Әр қалада төлемдердің сомасы әр түрлі болатынын да айта кеткен жөн. Ол жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа байланысты.


 


Дереккөз: yk-news.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив