KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Аягөздік ардагерлер құрметке бөленді

10.05.2014, 18:00 199



9 мамыр - Жеңіс мерекесіне орай Аягөз ауданында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне лайықты құрмет пен материалдық көмек көрсетілді.

Жалпы сомасы 756 мың теңгеге сатып алынған «Қамқорлық 24» медициналық дабыл аппараты 18 соғыс ардагеріне сыйға тартылды. Бұл аппараттың көмегімен қарияларымыз жедел медициналық жәрдем қызметін, полицияны, төтенше жағдайлар қызметін, сондай-ақ, өзінің жақын туыстарын жылдам шақыра алатын болады.

Аталған мереке аясында ҰОС-ның 16 қатысушысы мен мүгедегіне 70 мың теңгеден бір реттік материалдық көмек көрсетілді.

Соғыс ардагерлеріне теңестірілген қарттарымыз да назардан тыс қалған жоқ. Оларға 65 мың теңгеден жәрдемақы берілсе, «1941-1945 жылдардағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне 10 мың, өзге тыл еңбеккерлеріне 5 мың теңгеден үлестірілді. Биылғы Жеңіс мерекесінде ауданымыздағы 518 ардагерге жалпы сомасы 3 млн. 750 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив