KZ
Өскемен
+13°
небольшой дождь жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Семейдегі медицина университеті үздік 20 жоғары оқу орнының қатарына кірді

18.05.2018, 14:22 216

Бұл туралы медицина университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Еліміздегі үздік оқу орындардың тізімін Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі анықтаған.


Тізімнен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М. Әуезов атындағы ОҚО-ның мемлекеттік университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, академик Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, сондай-ақ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті орын алыпты.


Тәуелсіз агенттік жүргізген Ұлттық рейтинг қазақстандық оқу орындарға өздерінің беделін, білім берудегі бәсекелестік деңгейін бағалауға, сапалы жұмыс қызметін арттыруға және де, ең бастысы, бұл – білім алушылардың санын көбейтіп, жұмыс берушілерді тартуға мүмкіндік беретін тың тәсілдердің бірі. 2014 жылдан бері қолға алынған аталмыш жоба Республикадағы алдыңғы қатарлы білім ордаларын іріктеуге септегін тигізуде.


Ал үздіктерді анықтау жүйесі келесідей критерилер бойынша іске асады екен. Олар: оқу орындағы талантты студенттер, оқытушылар және зерттеуші-ғалымдардың шоғырлануы. Профессорлық-оқутышылық құрам мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылудағы сапа деңгейі, білім ұясы және жұмыс берушілердің өзара тиімді байланысы. Сол сияқты оқытушылар, докторанттар әрі магистранттардың ғылыми мақалаларының бәсекеге қабілеттілігі есепке алынатын көрінеді. Биылғы жылы Ұлттық рейтингке елдегі 75 білім ұйымы өтініш білдіріпті. Алайда олардың 17-сі байқаудан шеттетілген. Себебі өтініш толтыруда өрескел қателіктер жіберілген-ді. Бас тізімге 58 жоғары оқу орын еніп, оның ішінде 6-уы ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлі және 24 мекеме жекеменшік білім ұйымы болып саналады. Осылайша болашақ ақ халаттыларды дайындайтын Семейдегі медицина университеті өз абыройын лайықты қорғап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив