KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Автокөлігінің салығын төлемей жүргендер 10 күнге қамалуы мүмкін

10.05.2018, 10:48 231

ШҚО мемелекеттік кірістер департаменті  өңірдегі автокөлік иелері темір тұлпарларының  салығын төлеуге келгенде сылбырлық танытып отырғандарын айтты. Енді олар салықты өндіріп алу үшін әр-түрлі шаралар қолдануға мәжбүр болып отыр.


Ағымдағы жылы облыс бойынша салық төлемей отырған автокөлік иелерінің саны   60 мыңға жеткен. Шығысқазақстандықтардың жалпы қарызы 800 миллион теңгеден асып жығылады. Бұл - бірнеше жылдан бері төленбей келе жатқан автокөлік салығының жиынтығы. Осының ішінде 1 млн 700 мың теңге қарызы бар Өскемен қаласының тұрғыны борышкерлер тізімін бастап тұр.


-Егер борышкер азамат қарызын берілген уақыттың ішінде төлемесе (қарыз туралы ескертілгеннен кейінгі 30 жұмыс күні) онда салық органы қарызды жабудың қажеттілігі туралы бұйрық шығарады. Одан кейін жеке тұлғаға бес күн уақыт беріледі. Егер осы уақыт ішінде де ақша түспесе, онда қарызды мәжбүрлеп қайтару тәсілі қолданылады,- деп хабарлайды ШҚО мемелекеттік кірістер департаменті


Жеке сот орындаушылар бұл туралы не дейді?


-Қарызы 601 250 теңгеден асатын  тұлғалардың сот арқылы лицензиясы мен, арнайы жұмыс істеу рұқсаттары шектеледі. Ал қарызы 48 100 теңгеден асатын азаматтар үшін ел аумағынан шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік, әлеуметтік бағдарламаларға қатысатын салықтан жалтарушыларға да қарыз кедергі болмақ,-дейді сот орындаушылар.


Қарызының көлемі қандай болса да жеке сот орындаушылар автокөлікті айып тұрағына жөнелте алады. Сонымен қатар салық төлеуден жалтарып жүргендерге 24 050 теңге айыппұл салынуы, немесе 10 күнге қамауға алынуы мүмкін. Егер борышкерге осының барлығы әсер етпесе, оның үстінен қылмыстық іс қозғалады.


ШҚО мемелекеттік кірістер департаменті   сонымен қатар, төленбай жатқан қарыздың үстіне күн сайын үстеме ақы қосылатынын да жеткізді.


Көлігін сенімхат арқылы сатып жібергендер де оның салығынан құтыла алмайтынын ұмытпауы керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив