KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Курчатов қаласында қазақ күресінен ашық облыс біріншілігі өтті

6.05.2018, 04:59 140

Курчатов қаласында қазақ күресінен 2003-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында ашық облыс біріншілігі өтті.Аталмыш жарыс биыл төртінші мәрте өткізілді, деп хабарлайды ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.


Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттап, қазақ күресін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатымен өткізілді. Боз кілем бәсекесінде алты команда сапындағы 100-ге жуық спортшы жүлделі орындарды сарапқа салды. Атап айтсақ, кілем иелерінен бөлек, Абай, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай аудандарынан және Павлодар облысының Ақсу қаласынан келіп, өз мүмкіндіктерін байқады.


– Сайыс өте тартысты болды. Алайда, өткен жарыстарға қарағанда биыл бірқатар командалар келе алмады. Дегенмен,қатысушылар белдесу кезінде дайындықтарының жоғары екендігін байқатты, – деді Курчатов қаласы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Медет Жаманбалин.


Жеті салмақ дәрежесінде өрбіген бәсеке барысында жүлделі орындардың көбі Курчатов қаласының спортшыларына бұйырды. Марат Жаманбалиннің айтуынша, келер жылы осы сайысты тағы да облыстық деңгейде өткізу жоспарда бар.Ашық облыс біріншілігінің қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:


 


35 келіге дейінгі салмақ қорытындысы


1 орын – ҰлағатАбзал (Абай ауданы)


2 орын – Нұрасыл Орынбеков (Абай ауданы)


3 орын – Нұрдәулет Медетбек (Абай ауданы)


3 орын – Досымжан Мейрамбеков (Абай ауданы)


38 келіге дейінгі салмақ қорытындысы


1 орын – Диас Мұхтаров (Курчатов қаласы)


2 орын – Дәулет Рашидов (Бородулиха ауданы)


3 орын – Мирас Түсіпбек (Аягөз ауданы)


3 орын – Қуан Абылай (Курчатов қаласы)


42 келіге дейінгі салмақ қорытындысы


1 орын – Әлихан Теміржанов (Аягөз ауданы)


2 орын – Ерасыл Хатифов (Аягөз ауданы)


3 орын – Жарас Қайролла (Курчатов қаласы)


3 орын – Арыстан Бексейітов (Курчатов қаласы)


46 келіге дейінгі салмақ қорытындысы


1 орын – Алдияр Әбілқайыров (Курчатов қаласы)


2 орын – Әбдіғалым Хизатбек (Ақсу қаласы, Павлодар облысы)


3 орын – Әбдіқасым Абдуалы (Курчатов қаласы)


3 орын – Дастан Тілектесов (Аягөз ауданы)


50 келіге дейінгі салмақ қорытындысы


1 орын – Айғазы Биболов (Бесқарағай ауданы)


2 орын – Азамат Бейсенов (Бесқарағай ауданы)


3 орын – Нұсұлтан Бағдатов (Бесқарағай ауданы)


3 орын – Азамат Қажыбеков (Аягөз ауданы)


55 келіге дейінгі салмақ қорытындысы


1 орын – Ермат Құмархан (Курчатов қаласы)


2 орын – Ернұр Балтабеков (Курчатов қаласы)


3 орын – Қобыланды Жақсылық (Ақсу қаласы, Павлодар облысы)


3 орын – Дастан Зәкиев (Аягөз ауданы)


+ 55 келі салмақ қорытындысы


1 орын – Ернар Құсманов (Курчатов қаласы)


2 орын – Бақтияр Рамазанов (Бесқарағай ауданы)


3 орын – Мейіржан Сламшайықов (Аягөз ауданы)


3 орын – Төлеген Ықыласов (Аягөз ауданы)

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив