KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Ұлан ауданына жаңа әкім тағайындалды

3.05.2018, 11:30 209

Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметовтың шешімімен, аудандық мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Ұлан ауданының  әкімі қызметіне ШҚО басшысының бұрынғы орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews.


Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы


1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі жоғары. Қызылорда педогогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалым, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша аяқтаған.


Еңбек қызметін институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қ. № 172 орта мектебінде мұғалым болып бастаған. 1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылорда қ. № 9 орта мектебінде жұмысын жалғастырды.


1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары  болып жұмыс істеді.


2001-2006 жылдары – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, Төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі)


2006-2007 жылдары – ҚР Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, Министрдің кеңесшісі.


2007-2010 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Төрағасының орынбасары.


2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы


2012-2015 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары


2015 жылғы 31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив