KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

«Zhasproject» жобасы кәсіп бастауға мүмкіндік береді

23.04.2018, 11:39 92

Жастар корпусын дамыту жобасының үйлестіру агенттігі облыстың коммерциялық емес және жеке ұйымдарын конкурсқа қатысуға шақырады.

Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны іске асыруды үйлестіру агенттігі жүзеге асырады.

Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында үйлестіру агенттігінің жетекшісі Вера Ким арнайы жобаны таныстырды. Ол жобаның іске асырылу механизмдері туралы толық түсіндіріп берді. Оған қоғамға пайдалы идеяларды іске асырғысы келетін 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.


– Осы ретте басымдық жұмысыз, оқымайтын немесе жұмыс істейтін бірақ тапқаны өз басына толық жетпейтін қатысушыларға берілмек. Гранттың ең көлемді сомасы 1 миллион теңгені құрайтын болады. Жобаға қатысушылардың барлығы 60 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы алады (жоғары білімі жоқтар – 40 мың теңге). Олар, сондай-ақ, өмірлік дағдыларды жетілдіру бойынша оқытылады, – деді Вера Ким.

[su_slider source="media: 29616,29615,29614"]


Сіздің білім алып, маман иесі болуға немесе тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндігіңіз жоқ па? Олай болса, Жастар корпусын дамыту жобасының көмегіне жүгініп көріңіз. Жобаның арқасында елдегі 2000-ға жуық жас кәсіпкер атанды. Мұның қатарында киімнен бастап, ағаш, бал, тоқыма, жүн, сән әлемі, тіпті жасанды қол жасайтын инновациялық кәсіп түрлері де бар. Грант иегерлеріне бір ғана талап бар. Алғашқы бес айда өнімдерін мұқтаж жандарға тегін таратуы керек.


Жоба туралы толық ақпаратты zhasproject.kz сайтынан біле аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив