KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 6 м/с, З
439.43 473.31 4.82

ШҚО-дағы үздік ауыл мектебінің екі оқушысы ЖОО грантын жеңіп алды

Ұлан ауданы әкімдігінен
Ұлан ауданы әкімдігінен
27.04.2024, 11:00 72 Назерке Каримова

Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары Алматыдағы СДУ-дың грантын жеңіп алды.

Айта кетейік, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі 2023 жылдың «Үздік ауыл мектебі» атанған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеті (SDU) жыл сайын өткізетін SPT олимпиадасынан Қуаныш Мұхаметжан мен Сырым Жандосұлы жеңіспен оралды.

– Олимпиаданың екі кезеңінен жинаған 82 балмен грантқа ие болдым. Сүлеймен Демирел университетінің «құқықтану» мамандығына түсуді мақсат етіп едім. Сол қалауым орындалғанына қуаныштымын, – дейді Сырым Жандосұлы.


Ал олимпиададан 83 балл алған екінші грант иегері Қуаныш Мұхаметжан ҰБТ да тапсырып, «халықаралық құқық» мамандығына түсуге ниетті.

Ұлан ауданындағы Р. Мәрсеков орта мектебі «Ауыл мектебі рowered by NIS» жобасына 2019 жылы қосылды. Мониторинг нәтижесі бойынша қазір мектептегі білім сапасы жақсарып, облыстық және республикалық олимпиада жеңімпаздарының саны екі есеге артқан.

– Балаларымыз жүлделі орындарға ие болған олимпиадалардың қорытындысы бойынша біз «2023 жылдың үздік ауыл мектебі» атандық. Бұл – бәріміздің ортақ жеңісіміз. Жоба аясында жасалған бағдарлама мен оқу жоспарларының арқасында мақсатымызға жеттік, – дейді мектеп директорының орынбасары Қарлығаш Ілиясова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив