ШҚО-да суицидке бейім балаларға арналған ауруханалар ашылмайды
Шығыс Қазақстан облысында өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін балалар үшін арнайы ауруханалар ашылмайды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан хабарлады.
Шамамен бір ай бұрын республикалық БАҚ-та ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа сілтеме жасалып, әкімдіктерге «өзіне-өзі қол жұмсау қауіпі жоғары тобындағы» балаларға арналған күндізгі стационарлардың жұмысын ұйымдастыру тапсырылғаны туралы айтылған еді. Бірақ Шығыс Қазақстанда мұндай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ.
Ильяс Мұхамеджанның айтуынша, психиатриялық медициналық ұйымдардың құрылымы мен профилін реттейтін қолданыстағы ережелер науқастардың осы санаты үшін арнайы стационарларды қамтамасыз етпейді. Арнайы аурухана ашу үшін қосымша қаржыландыру керек, ал 2018 жылға арналған психиатриялық емдеу-профилактикалық ұйымдардың бюджетінде бұл жоспарланбаған.
- Өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін науқастарға жасына сәйкес психиатриялық стационарларда көмек көрсетіледі. Пациенттердің профилін және тәулік бойы мониторинг жүргізу қажеттілігін ескере отырып, бұл әдіс тиімді болып көрінеді », - деді Ілияс Мұхамеджан.