KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Семейде сақтық шараларын қамдауды хабарлауда

23.04.2018, 04:01 129

Бұдан бұрын Семей қаласында су тасқынына байланысты бірнеше оқиғалар орын алғаны барлығыңызға белгілі. Сондықтан да қала тұрғындары мен қонақтарына Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлама жасап отыр.


-Ертіс өзені алқабында орналасқан табиғи қорғаудағы су ағызулары шарасын өткізуге байланысты, 2018 жылдың 18 сәуірден бастап 11 мамырға дейін Ертіс өзенінің су деңгейінің көтерілуі мүмкін деп күтілуде,-деді қалалық ТЖ басқармасының бас маманы Айгүл Мирсаитова,- Осыған байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында келесі қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз: Ертіс өзенінің жағалауына тым жақын келмеңіздер, балаларды қараусыз қалтыруға болмайды. Су басуы мүмкін аудандарда мал жайылымдарын шектеу керек. Және малды қауіпсіз жерлерге шығаруды да алдын ала қамдаған жөн.

Су басу қауіпі туындаған жағдайда «101» және «112» нөмірі бойынша хабар беру керек екені туралы естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив