KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Аягөздік отбасына «NFC Kazakhstan» баспана берді

20.04.2018, 03:01 136

Аяқ астынан келген алапат жаңбыр мен қар суынан болған апат аягөздіктерді жұмылдыра түсті. ҚР Парламент депутаты, облыс басшысы мен көптеген лауазымды тұлғалар өңірге келіп, жергілікті халықпен тілдесіп, олардың мұң-мұқтаждарын қолдан келгенше шешіп беруде.


Осыған дейін бірнеше отбасына пәтер кілттері де табысталған болатын. Облыс басшысы Даниял Ахметов  бірнеше рет келіп баспана беретініне баспана, іргесін су шайған, ішіне су кіріп кеткен үйлерді жөндетіп жатыр.  Осылайша Аягөзде көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамту мәселесі біртіндеп шешімін табуда.


Жуырда ғана «NFC Kazakhstan» ЖШС демеушілігімен Амангелді көшесінің тұрғыны Мадина Ихласова баспаналы болды. Аудан әкімі Бақытжан Байахметов бастаған азаматтар баспанасы жарамсыз болып қалған Мадинаға үлкен сый жасады.


Жалпы, қай өңірде болмасын, баспана басты мәселе екені баршаға аян.Сондықтан, ең алдымен тұрғын үй мәселесін шешіп беріп жатқан билік өкілдері мен жанашыр азаматтарға аягөздіктердің айтар алғысы шексіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив