KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Аягөздік түлектер мұқтаж отбасыға пәтер алып берді

8.12.2020, 09:33 180

Баспана басты байлық. Аягөз қаласының 1992 жылғы түлектері 2–ші баспана кілтін жалғыз басты Мерует ханымға табыс етті. 

Қайырлы іске ден қойып, қайырымдылық жасауға ұмтылған бауыр- қарындастарымыздың жақсылығы жаратушымыздың ықыласын аударып мың еселенсін.


Ізгілік жолында оң бастама жасап жүрген жастарды аудан әкімі арнайы қабылдады.

«Мемлекетіміздің оң бағытта жүргізіп отырған саясатының негізінде биыл аудан орталығында екі көп қабатты үйден жүзден астам пәтер және қоспәтерлі 10 үй яғни 20 пәтер көпбалалы аналарымызға беріледі деп күтілуде. Бұл өте үлкен шара.


Сол үйлердегі құрылыс жұмыстарының барысын көріп келіп отырғанымда әлеуметтік желіден Сіздердің бір отбасына қуантып баспана сыйлаған жарқын жаңалықтарыңды оқыдым. Бұл Сіздердің биік азаматтық қасиеттеріңіз деп бағалаймын. Әркім шама-шарқынша үлес қосудың нәтижесінде жасаған қайырлы қайырымдылықтарыңа рақметімді айтып, ризалығымды білдірейін деп шақырдым. Аудан басшысы ретінде маған қояр сұрақ, ұсыныс-тілектерің болса қай уақытта болса да тыңдауға әзірмін. Оң бағыттағы бастамаларың болса оны да ойланып көруге болады», - деп Сеилбек Абұирұлы жастармен еркін форматта әңгімелесті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив