KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
447.89 476.78 4.79

Күршім өткелінде паромдардың қозғалысы қалпына келтірілді

19.04.2018, 04:01 98

17 сәуірден бастап Қызыл ту өткелінде паромдардың қозғалысы қайта жанданды. Әзірге Күршім мен Көкпекті аудандары арасында бір паром жүретін болады.


Екінші кеме жөндеуден өтіп жатқандықтан, әдеттегі қозғалыс кестесі өзгерді. Күршім ауданынан күніне таңертенгі жетіден бастап кешкі жетіге дейін екі сағат сайын жолаушы тасымалдап отырады. Ал, Көкпекті ауданы бойынша сағат 8, 10, 12, 14, 16, 18 және 20-да жүреді.


Бұқтырма су қоймасынан өтетін паромдық өткел жыл сайын 4-5 айға тоқтатылады. Қыс мезгілінде транспорт қозғалысы мұз арқылы жүзеге асырылады. Ауыспалы кезеңдерде ауданның облыс орталығымен байланысы Күршім-Үлкен Нарын-Зырян және Күршім-Зайсан бағыттары бойынша жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив