KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, СБ
443.72 482.28 4.9

Семейдегі «вундеркиндтер» ұстаханасы

17.04.2018, 06:23 199

Шығыс Қазақстанда дарынды балаларды тәрбиелейтін оқу орындар аз емес. Солардың бірі де бірегейі Семей қаласындағы «Білім-инновация» лицейі. Ағымдағы оқу жылында білім ұясының 45 оқушысы облыстық пән олимпиадасына қатысып, соның 35-і жүлделі орындарға іліккен. Тағы 11 бала жаратылыстану және гуманитарлық бағытындағы пәндердің республикалық додасында үздіктер қатыранан көрінді.


XXI ғасырда бой жарыстырған адам, көп нәрседен қағылатыны анық. Бүгінгі технологиялық революция дәуірінде білімнің салтанат құрғаны да сол себепті. Ақиқатына келгенде, әр мемлекеттің өркендеп өсуі тікелей білімге байланысты.


Осы ретте Қазақстандағы «Білім-инновация» лицейлерінің орны ерекше. Республика бойынша оның саны 34. Соның ішінде Шығыстағы Семей білім-инновация оқу ордасының мәртебесі айрықша. Бұл мекеме көпшілікке Қазақ-түрік лицейі ретінде таныс еді. 2017 жылы ребрендинг жасалып, оның атауы «Білім-инновация» лицейі болып өзгертілді.



Мұнда 220 бала оқу үстінде. Басты ерекшелігі сол, білім шаңырағында сабақ процесі үш тілде жүргізіледі. Атап айтқанда, жаратылыстану бағытындағы математика, физика, информатика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады екен. Ал гуманитарлық пәндер қазақ және орыс тілінде үйретілуде. Сол сияқты лицейде түрік тілін меңгеру де жолға қойылған.


-Оқушыларды конкурстік негізде қабылдаймыз. Жылда сәуір айында 6-дан, 7-ші сыныпқа қабылдау емтихандарын өткіземіз. Сөйтіп бізде бес жыл оқиды, - дейді Семей білім-инновация лицейінің директоры Жанбол Ушакбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив