KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 9 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Олимпиада Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын бағыт- бағдар етті

27.02.2018, 04:53 208

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейімен бірлесіп «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін  өткізді.


Олимпиаданың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту болып табылады. Сондай-ақ, жас өскелең ұрпақ арасында қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау және  оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту да олимпиада талаптарының бірі.



-Олимпиада жыл сайын бес бағыт бойынша өткізіледі,-деді Семейдегі «Білім-Инновация» лицейінің жауапты қызметкері Айгүл Жарылғасина,- «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар». Осыған дейін қалалық кезеңді өткіздік. Онда 55 мектеп, 225 оқушы қатысты. Семейдегі қалалық кезеңде 1-2 орын алғандардың арасында  Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Шемонаиха, Курчатов, Үржар, Көкпекті аудандарынан қатысты. Енді міне, облыстық кезеңнен орын алғандар республикалық кезеңге өтеді. «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінен қатысып, жүлделі орын алған 11 сынып оқушылары Сүлеймен Демирел атындағы университеттің және тағы басқа жоғары оқу орындарының білім гранттарын иеленетін болмақ.


Бұл олимпиада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани қазыналарын кеңінен насихаттауды жолға қойған. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, қазақ тілінің қайнарынан қуат алатын ерекше дарынды балаларды анықтайды. Оларға қолдау көрсетеді.


Олимпиада 2013 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауына ие болыпты. Ал 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Халықаралық тіл және мәдениет фестивалі» аясында  халықаралық дәрежеде өткізілген. Әлемнің 25 елінен келген өрендер өз өнерлерін көрсетіп, қазақ тілін терең меңгергендіктерін аңғартқан екен.


Олимпиаданың облыстықтың кезеңінде  8 аудан мектептері мен Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицейі және «Білім-Инновация» лицейі қатысып отыр. Олар қазақ және орыс тіліндегі топтарға бөлінген.  Әр топта 10 оқушыдан құралған. Тамыр-таныстық орын алмас үшін, оқуышылардың аты-жөні әйгіленбей жасырын түрде қалатын болды. Олар тек өздеріне берілген нөмірлермен ғана сынға түсті. Олимпиаданың бір талабы осындай екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив