KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлерінің қызметіне 20 жыл толып отыр

13.06.2013, 18:00 130


20 жылдыққа 20 түп ағаш. Еліміздегі қазақ-түрік лицейлерінің қызметіне биыл 20 жыл толды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі

Мерейлі күні мереке иелері Елорданы көгалдандыруға қатысып, ағаш отырғызды. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары ашылған қазақ-түрік лицейлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және КАТЕV халықаралық қоғамдық қорының басқаруымен осы күнге дейін елімізде табысты қызмет етіп келеді.

Әр өңірдегі 28 қазақ-түрік лицейі, халықаралық мектептер мен колледждер, Алматыдағы Сүлейман Демирель атындағы университетті біріктірген қор еліміздің дарынды жастарына білім мен тәрбие беріп, Қазақстанның білім беру саласына қомақты үлес қосып келеді.

«Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл» атты мерекелік іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловпен қатар, басқа да лауазымды тұлғалар қатысып, жылы лебіздерін білдірді.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив