KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚМУ ғылым күні мерекесін атап өтті

13.04.2018, 10:26 134

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылым күніне арналған «4.0 индустрия жағдайындағы ШҚМУ ғылымы» атты іс-шара өтті. Ғылым және шығармашылық апталығы аясында өткен салтанатты шараға Польшадағы Вроцлав университетінің докторанты Томаш Васкель, «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова, университтің әлеуметтік серіктесі - «Ұлан-Жеміс» ЖШС бас менеджері Төлеген Екімбаев қатысты.


-Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа дәуірде нақты әрекеттерге көшіп, білімі мен ғылымын дамыта алғандар ғана жеңіс тұғырынан көрінеді. Бұл орайда еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындар қатарынан саналатын университетіміз батыл қадамдар жасап жатыр. Ғылым күні мерекесінде өңіріміздегі ғылымды жаңа деңгейге көтеруге атсалысып, еңбекқорлық мен қызметке адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген әріптестерімізді марапаттауды жөн көрдік,-деді С.Аманжолов мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Анар Мырзағалиева.

[su_slider source="media: 28456,28455,28454,28457,28453"]


Университет дамуына сіңірген еңбегі үшін Майраш Шайзадақызы мен Төлеген Екімбаев медальмен марапатталды. Жастардың ғылым жолына түсіп, жетістіктерге жетуіне түрткі болып жүрген «Оқу-зерттеу экобиоорталығының» директоры, профессор Анатолий Цыгановқа жас ғалымдар тәрбиелеуге, зияткерлік әлеуетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін университет ректорының Алғыс хаты тапсырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив