KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ханшайымдарын қошеметке бөлеген кеш

8.03.2013, 18:00 310


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Көктемнің ханшайымдары» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz.

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі асыл аналар мен қылықты қыздар үшін айтулы мереке деуге болады. Әлем деңгейінде тойланатын айтулы мейрам жоғары оқу орнының назарынан тыс қалмай, осы күні нәзік жандарға ерекше қошемет көрсетілді.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ханшайымдарын  қошеметке бөлеген кеш
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ханшайымдарын  қошеметке бөлеген кеш
Әуезді әнмен басталған кеш С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ректоры Қуандықов Әлібек Өсербайұлының аналарға арнаған жылы құттықтау лебізімен жалғасын тапты. Білім ордасының бір қатар аруларына университет жылнамасы беттеріне қосқан қомақты үлестері үшін «Университет мақтанышы» құрмет төс белгісі тапсырылды.

Аналарға арналған бейнебаяндар мен өлең-жырлар, мың бұралған қыздардың сылқым билері көрермен көңілін бір серпілтіп тастады.

Еркегүл Мұқият


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив