KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

Мәжіліс депутаты халық арасында болды

9.04.2012, 18:00 151


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы саяси Кеңесінің бюро мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз ауданының бірнеше ауылдарында болып, халықпен кездесулер өткізді. Атап айтқанда Мамырсу, Тарбағатай, Қарағаш, Ақши ауылдары мен Ақтүбек, Малтүгел елді менкендерінде және аудандық орталық аурухана мен Аягөз локомотив деполарында болды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы саяси Кеңесінің бюро мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз ауданының бірнеше ауылдарында болып, халықпен кездесулер өткізді. Атап айтқанда Мамырсу, Тарбағатай, Қарағаш, Ақши ауылдары мен Ақтүбек, Малтүгел елді менкендерінде және аудандық орталық аурухана мен Аягөз локомотив деполарында болды.
Халық қалаулысы Нұртай Салихұлы Елбасының биылғы жылғы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Жолдауда айтылған еліміздің ауыл шаруашылық саласын дамыту жоспарында Шығыс Қазақстан облысының да бар екенін айтып берді. Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойып отырған тапсырмасының бірі—ет, сүт, жүн және тері өңдейтін, өндіретін орындарды көптеп ашып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік беретін несиелерді алуға болатынын, мал шаруашылығын өркендетуді, елді мекендерде жұмыс орындарының санын молайтуды да айтып, елдің әл-ауқатын арттыруды көздейтін тарихи құжат екендігіне тоқталды. .

Парламент Мәжілісінің депутатымен кездесулерінде қала мен ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген, шешімін таппай келе жатқан мәселелерді айтып, ойларын ортаға салды. Мәселен Мамырсу ауылының тұрғыны Ш. Өтепов ауылдың жолы мен ауыз су мәселелерін көтерді. Еңбек ардагері Ә.Сәрсенбаев Елбасының тапсырмасына байланысты жастарды жұмыспен қамту туралы сауал қойса, аудандық мәслихат депутаты Н. Дүйсенбаев зейнеткерлік жастың мөлшеріне алаңдатушылық білдірсе, «Мамырсу маржандары» әжелер ансамбілінің жетекшісі Марияш Айталиева елдің елеулісі, халық қалаулысына батасын беріп, алғысын білдірді. Сонымен бірге өзін толғандырып жүрген басқа да жағдайлар төңірегінде сұрақтар қойды.

Бәрін тыңдап алған Парламент Мәжілісінің депутаты қойылған сауалдарға өзінің тарапынан оң қолдау керсететіндігін білдірді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив