KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов аймақтың елді мекендерін аралап қайтты

28.08.2013, 18:00 188


Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Зайсан, Үржар, Абай аудандарында, Семей қаласы мен Абыралы өңірінде болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
.
Атап айтқанда, Нұртай Сабильянов Зайсан қаласында сайлаушылармен кездесіп, қалада салынып жатқан мектеп, балабақша құрылыстарымен танысты, ауданда орналасқан балалардың жазғы демалыс орнында болып, демалушы балалармен әңгімелесті. Сонымен қатар, Біржан ауылының тұрғындарымен кездесіп, Зайсан қаласында Халық қаһарманы, Желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбековке арнал-ан ескерткішке барып, тағзым етті.

Кездесулерде Зайсан ауданының тұрғындары ауданның елді мекендеріне газ құбырын тарту, оның бағасын реттеу, қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін қадағалау, тұрғын үймен қамту, жолдарды жөндеу, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, Зайсан қаласының әуежайын күрделі жөндеу, Зайсан мен Алматы қалалары арасында тұрақты әуе рейсін ашу, көпбалалы аналарға қамқорлық көрсету, жастарды жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету, шекара маңын дамытуды қолға алу сияқты мәселелерді көтерді.

Сондай-ақ, депутат Үржар ауданында болып, Қабанбай ауылындағы республикалық бюджеттен қар-
жыландырылып жатқан мектеп құрылысымен танысты, құрылысшы-лармен жүздесті. «Нұр Отан» партия-сының Үржар аудандық филиалының конференциясына қатысып, сөз сөйледі.

Зайсан және Үржар аудандарындағы кездесулерде шекара маңында орналасқан елді мекендерді дамыту-дың ерекше маңыздылығы атап өтілді. Бұл орайда Н.Сабильянов Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында Үкіметке облыстардың әкімдерімен бірлесіп, 2013 жылы шекарамен шектес аудандарды дамыту жөнінде қосымша шаралар кешенін әзірлеу қажеттілігі тапсырылғанын және оның ағымдағы жылдың қараша айында болатынын атап өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив