KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Қаланы көркейту мәселесін көтерді

14.01.2013, 18:00 180


Аягөз жұртшылығымен кездескен мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов пен Төлеген Ибраев жұртшылыққа Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасының маңызын түсіндірді.

Алдымен сөз алған Төлеген Ибраев өткен жылы бірнеше маңызды заң жобаларын қабылдағандарын, солардың ішінде кәсіподақ туралы заң, мемлекеттік қызмет, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер туралы заң жобалары, стратегиялық бағдарлама - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытына оң өзгерістер әкелетінін айтты.

--Жолдаудағы басым бағыттың ауқымды бөлігі -- ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Биыл Үкімет бұл салаға 13 млрд. теңге қаржы бөліп отыр,--деді Нұртай Сабильянов.

Кездесу соңында тұрғындар халық қалаулыларына көптен көкейде жүрген сауалдарын қойды. Алаңдатып отырған ауыз су мәселесі мен өткен жылы жобаға кірмей қалған моноқаланың мәселесі болды. Сұрақтарға жауап берген Н.Сәбильянов биыл бірнеше ауылдарға ауыз су тартылатынын, ал моноқала мәселесі Үкіметте қайта көтеріліп, шешімін табар деген уәж айтты.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив