KZ
Өскемен
+21°
небольшой дождь жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

ШҚО-да биылғы жылы барлық ауруханалар компьютерлік жабдықпен қамтамасыз етіледі

29.03.2018, 09:41 127

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында денсаулық сақтау нысандарын цифрландыру облыстың дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл құжаттар көлемін қысқартып, медициналық көмектің сапасын жақсартады.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылы 3177 компьютер мен 1971 принтер сатып алу жоспарланып отыр. Аталған мақсаттар үшін облыстық бюджеттен 985,87 млн. теңге бөлінді. Осылайша, облыстың ауруханалары мен емханалары компьютерлік жабдықпен 100 пайызға қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 61 пайызды құрайды.


Сондай-ақ, цифрландыру негізінде ұялы сандық қосымшалар, электронды денсаулық паспорттарын енгізу, «қағазсыз» ауруханаларға көшу қарастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив