KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, Ю
482.86 533.17 5.08

ШҚО-дағы ауруханалардың 97%-ы электронды медкарталарды енгізуге әзір

8.05.2018, 13:34 211

Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау мекемелерін цифрлау бойынша жұмыстар аяқталып қалды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, ШҚО-дағы мемлекеттік ауруханалардың 97%-ы қағазсыз құжат айналымының медициналық ақпараттық жүйесін (МАЖ) енгізіп қойған.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Илияс Мұхамеджанның айтуынша, келесі кезең Денсаулық сақтау министрлігінің деңгейінде екен, яғни арнайы электронды сервис (платформа) енгізу, оның негізінде денсаулықтың электронды паспорты жұмыс істейтін болады. Мұның барлығы бағдарламалық жасақтамаға байланысты, қазір бұл мәселе шешілуде.


-Денсаулықтың электронды паспорты негізінде электронды жолдамалар мен рецептілерді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың екінші тоқсанында аяқталмақ, - дейді Илияс Мұхамеджан. – Жылдың соңына дейін пилоттық апробация жүзеге асырылып, электронды паспорт кезеңмен енгізіле бастайды, ел бойынша 2020 жылға қарай толық қамтылады.


Облыс халқының 86%-ы медициналық қызметті интернеті бар ауруханалардан алатыны белгілі. Ғаламтор желісіне шалғайдағы аудандардың ауруханаларының құрамына кіретін ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, медпунктер мен фельдшерлік-акушерлік пунктер ғана қосылмаған. Илияс Мұхамеджанның айтуынша, бұл мәселені спутниктік интернет-арналар арқылы шешуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив