KZ
Өскемен
+12°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Емханаға барғанда электронды кезекке неге жазылмаймыз?

11.06.2018, 10:51 237

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелердің бірі тұрғындардың электрондық қызметтерді жиі қолданбайтынында болып отыр. Айталық,облыстағы 1 миллион науқастың тек 97 мыңы ғана емханалардың электронды кезегіне жазылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Осы жайтты жіті тексеруді тапсырамын, қысқа мерзім ішінде талдау жүргізіп, мәселені шешіңіздер, – деді осы орайда аймақ басшысы.


Облыс әкімінің айтуынша, медицина саласындағы электронды қызметтер – болашағы зор бағыт. Бұл ұзынсонар кезекті құртып, қызмет сапасының ашықтығын арттырады. Ендеше барлық денсаулық сақтау мекемелерінде науқастарды электрондық форматта қабылдау үлесін көтеру қажет деп санайды облыс басшылығы.


Денсаулық сақтау саласын цифрландыру туралы айтар болсақ, облыстағы 649 медицина нысанының барлығы Интернет желісіне қосылған. Тек компьютерлік техникамен қамтылу деңгейі ғана 60 пайыз шамасында. Бірақ, облыстық бюджеттен бөлінген 96 миллион теңгенің арқасында бұл көрсеткіш осы жылы 100 пайызға жетуі тиіс. Салада еңбек ететін 19 мың персоналдың бәрі де компьютерді қажетті деңгейде меңгере алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив