KZ
Өскемен
+26°
небольшой дождь жел 6 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Ауылдардағы денсаулық мекемелері компьютерлік техникамен қамтамасыз етіле ме?

22.12.2013, 18:00 138



- Жақында облыс денсаулық сақтау мекемелері компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі дегенді естіген едім. Олардың қаншасы ауылдық жерлерге бөлінеді?

Кәмшат Ерсайынова
Күршім ауданы.

Оқырман сауалына Шығыс Қазақстан облысы бойынша емделуге жатқызу бюросының меңгерушісі Шынар Әшірбаева жауап береді:
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, әлеуметтік бағыттағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің басым дамуы денсаулық сақтау жүйесін тиімді қалыптастыру болып табылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің алға қойған мақсатына жету үшін келесі, 2014 жылдан бастап амбулаторлық деңгейде денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу бағдарламасының екінші кезеңі басталады.

Денсаулық сақтаудың амбулаторлық-емханалық секторында осы екінші кезеңді енгізуді қамтамасыз ету үшін ақпараттық «Амбулаторлық-емханалық көмек» жүйесі мен «Бекітіліген тұрғындарды тіркеу» порталын енгізуге, компьютерлік техникаға және интернет ресурсқа (байланыс каналы), ақпараттық жүйемен жұмыс істейтін кадрларға, дер кезінде есепке алуды қамтамасыз ететін операторлар мен статистиктерге және дәрігерлердің жүктемесін арттыруға басым бағыт беріліп отыр.

Сонымен қатар амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мемлекеттік кәсіпорындарға өту, ресурстарды тиімді басқару мен қызмет нәтижесі бойынша еңбек төлемақысын енгізуді қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы құқықтық-ұйымдастыру үлгісіне өтуге, бекітілген желі мөлшеріне сәйкес, амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың желісін оңтайландыруға көбірек көңіл бөлінді.

Қазірде облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарына 4514 компьютер мен 1480 локальды принтер алынды. Оның 70 пайызы ауылдық жерлердегі медициналық мекемелерге берілетін болады.

Әзірлеген Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив