KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Өскемендіктер Әз-Наурыз мейрамын дүркіретіп өткерді

22.03.2018, 14:32 107

Биыл облыс жұртшылығы береке мен бірліктің бастауы ұлыстың күні Әз-Наурыз мейрамын дүркіретіп өткерді. Өскемендегі Республика алаңында өткен Наурыз мерекесіне облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысты.



Бұл күні облыс орталығындағы алаңға жиналған халықтың қарасы мол болды. Әсіресе көктемнің осынау жайма-шуақ мерекесін тойлауға келген облыс тұрғындарының жүзінен ерекше жылылық лебін байқауға болады. Әз-Наурыз мейрамын атап өтуге жиналған халық бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп-ақ жатыр.


[su_slider source="media: 26435,26436,26437,26438,26439,26440,26441,26442"]


Орталық алаңда төгілген ән мен күй той алаңына жақындап келе жатқан қонақтардың көңіл-күйін еріксіз көтеріп жібергендей. Қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлердің айналасы толған өнерпаз да мерекенің көркін одан әрі асыра түскендей. Таң атпастан жәрмеңке де қызып жатыр. Облыс орталығында апта сайын өтетін бұл жолғы жәрмеңкенің иесі – Көкпекті ауданы. Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келгеннен соң ба, бұл жолғы жәрмеңкеге көкпектіліктер артынып-тартынып-ақ келген екен. Бағасы да базарға қарағанда әлдеқайда арзан. Жылқы етінің келісі 1400 теңге болса, сиыр етінің келісі – 1300 теңге.


– Жәрмеңкеміздің Наурыз мерекесімен қатар келуін жақсы ырымға баладық. Сондықтан да ерекше дайындықпен келдік. Жәрмеңкеге төрт тонна сиыр еті мен бір тонна жылқы етін, сондай-ақ 1,5 тонна балық, 4,5 тонна көкөніс, сегіз мың дана жұмыртқа алып әкелдік. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарын өзіміздің өнерімізбен де қуантып, екі сағаттық концерт әзірлеп алып келдік. Алаңның ортасына киіз үй тігіп, қазақтың дәстүрімен халыққа дастарқан жайып, наурызкөжеден дәм татырып жатырмыз, - дейді дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерлан Қалдыбаев.

Бұл күні облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары нағыз той-думанның куәгері болды. Суырыпсалма ақындардың айтысы, күміс көмей әншілердің шырқаған әндері, шанағынан күй төгілген қара домбыраның үні жиналған жұрттың көңілін серпілтіп, рухын көтеріп тастады.


[su_slider source="media: 26382,26383,26384,26385,26386,26386,26387,26388,26389"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив