KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Үржарлық шекарашылар Абылай ханның дастарқанынан дәм татты

24.03.2013, 18:00 150


Биыл Наурыз мейрамын Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы №2086 шекарашылар отряды айрықша қарсы алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Әскери шеру өтетін алаңда мерекені ұлықтауға арналған алты киіз үй тігілді. Барлығы да әдемі безендірілген екен. Мереке таңертеңгі сағат 10-да күмбірлеген күй, шарықтаған әсем әуенмен басталды.
Тігілген киіз үйлерге Абылай хан ауылы, Қабанбай батыр, Қарасай батыр, Қазыбек би, Шыңғожа батыр, Наурызбай батыр ауылдары деген атаулар берілген екен.

Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт аяқталысымен аудан әкімі Бауыржан Жанақов, отряд командирі Арман Рамазанов, майор Асқар Қазбеков бастаған топ киіз үйлерді аралап, көркемдік ерекшеліктеріне әділ бағаларын беріп, наурыз көжеден дәм татты.

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар өңіріміздің өзге аудандарында да ерекше салтанатпен атап өтілді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив