KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Ұлан ауданы Наурыз мейрамын сәуірде дүркіретіп тойлады

8.04.2018, 09:01 236

Самарқанның көк тасы еріп, тіршілік атаулыға жылулық әкелетін молшылық мейрамы - Наурыз мерекесін ұландықтар сәуірде атап өтті. Қыстың лебі қайтпай, жер-жерді су басып жатқан кезде кейін шегеріліп, тойланған наурыз-думан ел есiнде айта жүретiндей сауық-сайранымен қалғаны сөзсіз.


Бұл күні дүбірлі той болды. Қасым Қайсенов кентіндегі орталық стадионға жиналған халықтың қарасы да қалың.  Қаз-қатар жасау-жабдығы келiсіп тігілген 10 шақты ақшаңқан киіз үйлер қазақтың кербез сәнінің белгісіндей мейрамның салтанатын ашып, көрер көзді сүйсіндіреді. Құрылған алтыбақанды айнала дуылдасқан жұрт мерекелік көңіл-күймен мидай араласып, бір-бірімен көрісіп, сәлемдесуде.


Мерекенiң ашылу салтанатында аудандық мәдениет бөлімінің театрландырылған қойылымы көрсетiлiп, Қызыр баба елге ақ батасын бердi.


[su_slider source="media: 27957,27959,27956,27958,27960,27961,27962,27963,27964,27965,27966,27967,27968,27969"]


Осы күн ауданның 90-жылдық мерейтойына да дәл келіп қалғандықтан, бұл жолы тігілген киіз-үйлер де ерекше еді. Тоғыз үйдің шаңырағы 90-жылдың әр онжылдығындағы ауданның өмірін, тұрмысын және жетістіктерін бейнелейтін көрме ретінде безендірілген. Қайсы шаңыраққа бас сұқсаңыз да, әсем әннен шашу шашылып, күй төгiліп, ақ дастархан жайылған. Мерекеге жиналған көпшілік наурыз – көжемен қатар басқа да ұлттық тағамдардан ауыз тиді.


Әрбір үйдiң жасауы да өз ерекшелiгiмен бiр-бiрiнен үстем түсуге талпынып, бар жақсыны мейрамға келген жұрт үшін жайып салғанға ұқсайды. Ұйымдастырушылар қазақтың әсем ою өрнектері салынған текеметтер және түскиіздерімен үй ішін безендіріп, дала өркениетін көрсетуге тырысыпты.


[su_slider source="media: 27976,27983,27970,27971,27972,27973,27974,27975,27978,27979,27980,27981,27982"]


Одан бөлек күштерін сынап көремін деушілердің арасында өтіп жатқан арқан тарту, гір тасын көтеру, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сияқты ойын түрлерiнен жарыстар өз алдына бiр қызық дүние.


[su_slider source="media: 27985,27984,27986,27987,27988,27989,27990,27994,27993,27991,27992"]


Сондай-ақ, бұл күні Қазақ эстрадасының әншілері Айқын Төлепберген, Бейбіт Кушқалиев және жерлесіміз Апош Сарбаз сынды өнерпаздар жиналған қауымға музыкалық-мерекелік сәлем жолдап, ақ тілектерін арнады.


[su_slider source="media: 27998,27997,27999,27995,27996,28000,28001,28002"]





 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив