KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Семей халқы Наурыз тойын тойлады

22.03.2018, 10:53 166

Бүгін ұлық мейрам Ұлыстың Ұлы күнін Семей қаласы ерекше сән-салтанатымен дүркірете думандатты. Орталық алаңға жиылған жұртшылықтың қарасы қалың. Ауа райыда аса қолайлы, шынымен де Самарқанның көк тасы еріп, Семейде күн лезде жылыды. Достық үйінің директоры Берік Көпбаев түрлі ұлттық этномәдени орталықтардың өкілдерімен бірге халықты құттықтап, әз Наурызда береке-бақ тіледі.



Айта кету керек, Наурыз тойы Семейдің бес алаңында аталып өтілді. Орталық алаң, М. Әуезов атындағы алаң және Теміржол вокзалы мен «Жаңа көктем» сауда орталығы мен Силикат зауыты маңында ерекше тойланды. Осы аталған жерлердің барлығында қол күрес, шахмат-дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ұлттық және спорттық ойындар ойналды.



-Біздің ұлтымыз баяғыдан Наурызды жыл басы, ұлыстың ұлы күні деп қадірлеген,-деді Семейге Бородулиха ауданының Новопокровка ауылынан келген қонақтар Есбол Оспанов пен Нұржайнат Қабденқызы Искаковалар,- Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы Семейдің барлық жерінде ерекше қазақи түрде тойланып жатыр. Ұлттық ойындарды ойнап, «Тұсаукесер» салт-дәстүрін дәріптеуде. Тіпті жылдағыдай емес, қазақ үйге қарапайым халық кіре алды. Наурыз көжеден бәріміз жаппай дәм таттық. Қазы-қарта жеп, тіл үйірер бауырсаққа тойып, шынымен де, еліміздің ынтымақта өмір сүріп жатқанының бір куәсі болдық.


Орталық алаңда Қалалық Мәдениет сарайының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Осындағы жағалай қонған киіз үйлер жанында үйілген жұрт. Ошақтардан шыққан түтін әр үйде ыстық тамақтың дайындалып жатқанын көрсетеді. Барлық ұлттың ән-күйін тыңдап, қол соққан жұрт қуанышты айналып өтіп жатқан жоқ. Бірге бөлісіп, бақытты күндерін еселеп арттыруда. Қазан жанынан таратылған бауырсақ та, Наурыз көже де таусылар емес. Семей халқы шат-шадыман көңілмен әз мейрамды атап өтуде.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив