KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

Тарбағатайлық оқушыларға Наурыз мерекесі туралы мәнді әңгіме өткізілді

16.03.2013, 18:00 271


Тарбағатай аудандық орталық кітапханада келе жатқан ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында балалармен «Наурыз берекем, Наурыз мерекем» атты тартымды да мәнді әңгіме өткізілді.

Тәрбие сағатында оқушылар Наурыз мерекесімен тереңірек танысып, қазақ халқының салт – дәстүрлері жайлы мол мағлұмат алды. Оқырмандарға салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтар қойылып, олардың білім көкжиектері тексерілді.

Кеште «Наурыз мерекесі - Ұлы мереке», «Наурыз: тарихы мен бастаулары», «Қазақы дастархан», «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақтың ұлттық ойындары» сияқты бірнеше бөлімдерден тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив