KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Өскеменде тегін наурыз көже таратылды

17.03.2018, 06:55 134

Fresh market сауда үйінің ауласында Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкенің осы уақытқа дейінгі өткізіліп келген жәрмеңкелерден өзгешелігі сол, келушілер тегін көже ішіп қайтты.




– Ұлыстың ұлы күнінің қарсаңында қала халқына ұлттық тағамдарымыздан дәм татырып жатқан жайымыз бар. Наурызкөже, құрт, май, ірімшік, бауырсақ дейсің бе – бәрі де осында. Мінеки, дастарханымыз жаюлы. Ештеңені де сатпаймыз. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! – деп батасын берді Манат қажы апа. Манат қажы апа аудан орталығындағы «Нұр Ақсуат» базарының басшысы екен.

Айта кетейік, тарбағатайлықтар бір тонна – жылқы, 4,5 тонна – сиыр, 2,3 тонна қой етін және екі тонна балық алып келген екен.


– Ірі қара мал етінің келісін 1200-1500 теңгеден, жылқы етін 1200-1600 теңгеден, ал қой етін 1100 теңгеден бағалап сатудамыз, – деді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әлем Қабдешұлы.

Ақжар мәдениет үйінің өнерпаздары бүгінгі жәрмеңкенің ажарын ашып, келушілерге әннен шашу шашты.


[su_slider source="media: 26022,26025,26024,26023,26021,26020,26019,26018,26017,26016,26015"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив