KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Тарбағатай ауданы өскемендіктерге сапалы өнім ұсынды

15.04.2018, 03:32 143

Облыс орталығында Тарбағатай ауданының жәрмеңкесі өтті.


– Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды мақсат тұтып, ат басын Өскеменге іріккен жайымыз бар. Бір тоннадан астам – жылқы, төрт тоннадай – сиыр, бір жарым тоннадай қой етін алып келдік. Жылқы етінің келісі – 1200-1600, сиыр етінің келісі – 1200-1500, қой етінің келісі 1100 теңгеден саудаланып жатыр. 800 келі балығымыз да бар. Ұлттық тағамдарымыз да бар, – деді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әлем Аетов.

Жиылған жұртшылыққа Ақжар мәдениет үйінің өнерпаздары кете-кеткенше әннен шашу шашты.


– Бүгін туған жер, отан тақырыбындағы жүректегі патриоттық сезімді оятатын әндер шырқалды. Себебі, концерттік бағдарламамыз ауданымыздың 90 жылдығымен, халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналды, – деді Аян Садуақас.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив