KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Өскеменде Үржар ауданының жәрмеңкесі өтті

21.04.2018, 09:45 317

Облыс орталығында апта сайын өтетін бұл жолғы жәрмеңкенің иесі – Үржар ауданы. Жәрмеңкеде саудаланған өнімдердің бағасы базарға қарағанда әлдеқайда арзан болды. Мәселен, жылқы етінің келісі 1300-1600 теңге болса, сиыр етінің келісі – 1200-1500 теңге.


–  Жәрмеңкеге сиыр, жылқы, қой етін, сондай-ақ бал, көкөніс және сүт өнімдерін әкелдік. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарын өзіміздің өнерімізбен де қуантып, концерттік бағдарлама әзірледік, - деді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тәуіржан Шоманов.

Өскемендіктер мен қала қонақтарына арзан әрі сапалы азық-түлік ұсынған үржарлық кәсіпкерлер көпшілік қауымның алғысына бөленіп қайтты.


[su_slider source="media: 29331,29332,29333,29334,29335,29336,29337,29338,29339,29340,29341,29342,29343,29344"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив