KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Ресейлік жазушы, зоолог «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті

16.03.2018, 09:36 193

ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Алтай мемлекеттік университеті өкілдерімен  (Барнауыл қ. Ресей) өскемендік жастар мен ғалымдардың онлайн режімдегі басқосуы өтті. Жиынның  тақырыбы, аймағымыздағы киелі де керемет жерлердің бірі қазақтың Мұзтауы,орыс халқының - «Белуха» тауы жайлы өрбіді.


– Белуха  Евразияның орталығында орналасқан,Қазақстан мен Ресейдің шекарасында. Тау екі елдің дәстүрін, мәдениетін,халқын тығыз байланыстырып тұрған табиғи ескерткіш.Бүгінгі кездесудің өзі соған дәлел,-деді кітапханашы Динара Айтқұлова.


–Бүгін біз көптеген тың жаңалықтарды да біліп отырмыз. Мәселен, Белуха еліміздегі қорғауға алынған жерлердің ішіндегі ең үлкені екен. 1998-ші жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұралар қатарына енгізілген,-дейді жиынға қатысқан жастардың бірі Саида Тельманбаева.



Киелі жерлер- табиғи әрі мәдени маңыздылығы астасып жатқан  ерекше орындар.


– Киелі жерлерді барып,көріп жүрген адамдар ол жерлердің бекерден-бекер киелі деп аталмағандығын түсінулері керек. Ондай орындарда құпия көп. Белуха тауы да барлық жұмбағын ашқан жоқ. Сондықтан жастар болашақта оған көңіл аударады деп ойлаймын. Мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының берері көп деп санаймын. Оның Қазақстан халқы үшін маңыздылығы зор. Мәдени және тарихи мұраларды көздің қарашығындай сақтап, бағалап  үйренбейінше, ештеңеге қол жеткізе алмаймыз-деді жиынға қатысқан ресейлік жазушы,зоолог Антонио Сорушев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив