KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Сауатыңа сенсең - домбыра ұт

15.03.2018, 10:59 124

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен Өскемендегі драма театр актерлерінің бірлесуімен 22 наурыз күні шаһардағы Республика алаңында «Латын графикасы – өркениет жазуы» атты акция ұйымдастырылмақ.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілетін шараның мақсаты – латын графикасындағы жаңа әліпбидің мән-маңызын көпшілікке таныстыру, тұрғындардың жаңа әліпбиге қызығушылығын арттыру. Ұлыстың ұлы күнінде таңғы сағат 10.00-де басталатын акция барысында жаңа әліпби негізінде жазу дағдысын қалыптастыруға арналған бірнеше кезеңнен тұратын ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталады. Шараны ұйымдастырушылардың бірі, Өскемендегі Жастар театрының актері Едіге Ақылбековтың айтуыншабас жүлдеге қазақтың қара домбырасы тігіліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив