KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Абайдағы Қоңыр Әулие үңгірінің аумағы абаттандырылатын болды

18.08.2017, 05:49 151

Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста ондаған жоба әзірленді.


Жобаларды құруда аймақтағы түрлі мәдениеттерді көрсету негізге алынып, туған жер, қасиетті географиялық орындар, үштілділік мәселелеріне басымдық берілді. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов әкімдік отырысында мәлімдеді.


– Біз Абай ауданындағы қасиетті орын – Қоңыр Әулие үңгірінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатырмыз, – деді облыс басшысы. – Жерасты көліне мыңдаған мінәжат етушілер келеді. Оларға жайлы жағдай жасау үшін аумақты абаттандыруды тапсырдым.


Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда қолға алынатын жобалар таныстырылмақ. Даниал Ахметов мұндағы мақсат тарихи жәдігерлеріміздің тамырына терең үңілу екенін атап өтті. «Біз оларды сақтап, көбейту жолында еңбек етуіміз керек» деді аймақ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив