KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

Ғарышкер Айдын Айымбетов «Халифа Алтай» мешітінде болды

14.03.2018, 10:58 168

Ғарышкер Айдын Айымбетов Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды. Мәртебелі мейманды Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы қарсы алып, мешітті аралатып таныстырды.




Бұдан соң ғарышкер облыстық және Өскемен қалалық мешіттердің имамдарымен кездесті.


«Бисмиллаһи рахмани рахим, Ассалаумағалейкум, құрметті имамдар!» деп сөзін бастаған «Халық қаһарманы» ғарыш сапары туралы, жалпы аспан әлемі туралы танымдық әңгімелер айтып берді.


-Бұйырса, ғарышқа қайта сапар шегу жоспарымда бар, - дейді Айдын Айымбетов.

Шара соңында ғарышкер Айдын Айымбетов мешітте кішкентай сәбидің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив