KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Имамдар Астанаға саяхаттап барды

21.12.2017, 04:35 196

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінде үш айлық білім алып жатқан имамдар Тәуелсіздік күні мерекесін Астанада қарсы алды. Осылайша, Елбасының «Туған жер» жобасына үн қосу мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі айрықша шара ұйымдастырды.


Астанаға табан тіресімен, имамдар «Нұр әлем» павильонын тамашалап, Елбасы мұражайындағы құнды деректермен танысты. Бұдан бөлек, олар Бәйтерек, «Қазақ елі» монументіне барыпты. Айта кетейік, алдағы уақытта шығысқазақстандық имамдар елордадағы сапарларын «Әзірет Сұлтан» мешітіне барып, түйіндеуді жоспарлап отыр.


–Имамдардың барлық шығыны ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі есебінен төленеді. Басты мақсат – имамдарға Астананы аралатып, еліміздің осы күнге дейінгі жеткен жетістіктерін көрсету, - дейді ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив