KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Тәулік ішінде су басқан аймақтардан 400 адам эвакуацияланды

12.03.2018, 10:48 159

ШҚО құтқарушылары апаттың салдарымен күресуде. Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте ауданда бір айлық көлемдегі қар жауып тастаған. Толассыз жауған жаңбыр мен жылы ауа-райы себебінен он шақты тұрғын үй мен  жүздеген аула маңын су басып қалған.


Осал аймақта бірнеше аудандар қалған: Аягөз, Глубокое, Ұлан, Күршім, Зайсан, Үржар және Өскемен қаласы. Аягөз ауданында кешеден бері табиғи түрдегі жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланды.



Облыс орталығы мен Риддер қаласында қолайсыз ауа- райына байланысты оқушылар мен 1,2 курс студенттеріне сабақ болмайтын болды. Облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарына шектеу қойылды. Таулы аймақтарда қар көшкіні қауіпі сақталуда.


Қазіргі уақытта облыс бойынша 70 жеке үй мен 150 аула маңы, 110 саяжай үй территорияларын су басқан.


ШҚО ТЖД, жергілікті полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган, , КК «Өскемен Тәртіп», «Водоканал» және Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының күшімен суды сорып шығару және халықты эвокуациялау жұмыстары жүргізілуде. 1440 интерн материалы бар қап төселіп қойылды. Шамамен 13 000 текше метр су сорылды.


Аягөз ауданы бойынша әлі де 40 үй, Өскеменде 8 уй мен 27 аула маңы территориясы, Ұланда 2 үй және 4 аула, Глубокое ауданында 3 үй, 53аула маңы территориясы, Күршімде 42 аула маңы территорияларын су басып жатыр.


Тәулік ішінде су басқан аймақтардан 400 адам эвакуацияланды.


Күршім, Зайсан, Ұлан, Үржар аудандарында тас жолдар шайылып кеткен. Жол жөндеу қызметі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.


ҚР ІІМ 1000- нан астам жеке құрамдағы адамдар, 286 бірлік техника, 56 жүзу құралдары мен 58 мотопомптан тұратын топ құрылды.


Барлығы авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың және құтқарушылар мен ШҚО ІІД-нен 536 адам, 137 бірлік техника мен 27 су сорғыш құрылғылар жұмылдырылды.



Дағдарысты орталықта ШҚО ТЖД жедел штабы жұмыс істейді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив