KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да 4 788 «Алтын алқалы» ана бар

8.03.2018, 03:00 103

Шығыс Қазақстанда 6 976 «Күміс алқа», 4 788 «Алтын алқа» иесі, 1 411 «Батыр ана» атағын алған, 1 639 І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иесі атанып отырған ардақты ана бар.


Өскеменде төрт және одан да көп бала өсіріп отырған жас қыз -келіншектердің саны жыл сайын артып келеді. Солардың бірі -30 жасында төрт перзентін жарық дүниеге әкелген өскемендік Динара Ауғанбаева «әр балам күш-қуатымды еселеп, еңсемді биіктетті», - дейді.



Шашылып жатқан үй қызыққа толы өмірдің белгісі ғой. Тамирлан, Нармина, Ясмина, Айсана асыр салып жүгіргенде, аядай шаңырақтың іші ұлан-асыр той болып жатқан жерге ұқсап кетеді. Отбасында неше бала болса да, әйтеуір қайнататыны бір қазан дегенімізбен, мамандығы есепші Динара бүлдіршіндердің тәрбиесіне көңіл бөліп қана қоймай, балаларының тәттілерін өз қолымен пісіріп, киім- кешегін де өзі тігіп, тоқып береді. Нарминаға би көйлектерінің бәрін анасы өзі тігіп, кигізген. Анасының ісмерлігі дарыған жеті жасар Нармина қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысып жүр. Әскери қызметтегі әкелеріне баспана беріліп жатса, сол әдемі пәтердің ішін өзі жасаған әсем дүниелермен әрлендіріп қоймақ ойы бар.


 


Құртқа, Қарлыға, Баян, Ақжүніс, Қарашаш, Еңлік, Жібек, Домалақ ана, Айша бибі, Бопай ханым, Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана да дара тұлғалы аналарымыздың кішкентай ғана жұрнағындай болып, желкілдеп өсіп келе жатқан ұл-қызын тәрбиелеп, асыл жар атанып отырған қанағатшыл Динараның ұйыған отбасының бақ-берекесі арта берсін деп тіледік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив