KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

ШҚО-да 2017 жылы 91 адам өндірісте ауыр жарақат алған

7.03.2018, 11:15 249

2017 жылы өңірде  215 адам өндірісте жүріп жарақаттанған, соның салдарынан 19 өлім тіркелді, 91 адам ауыр жарақат алған. Енбек инспекциясы келесі жолы қайталанбас үшін осы бақытсыз жағдайлардың себеп-салдарын мұқият тексерді.


Шығыс Қазақстан облысы  мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы  Бақытбек Құрманбекұлы мәлім еткендей, мысалы, бас мердігерде еңбек келісімшарты болады. Ал онымен жұмыс істейтін қосалқы мердігерлерде жоқ. Жұмысшылар өндірісте алған жарақатпен түсе қалса, емдеу мекемелері екі тәуліктің ішінде  еңбек инспекциясына хабарлауға міндеті. Жұмысшының тіркелмегені немесе еңбекақысы дұрыс төленбегені сияқты  жасырын фактілер осындайда да анықталады. Құрамында қылмысты іс болса, құқық қорғау орындарына жолданады, тиісті төлемдерді төлеу сақтандыру компанияларына не болмаса кәсіпорынның өз мойнына жүктеледі.


-Әрбір жұмыс беруші 2005 жылдан бері жұмыс орнын, адамды емес, сақтандыруға тиіс. Бұл бюджеттік ұйымдарға қатысты емес. Құрылыс саласында біз кәсіподақпен және жұмыс берушілермен бірлесіп отырып, қосымша салалық шарт жасасақ дейміз. Бас мердігер қосалқы мердігерлерден де еңбек келісімшарттарын жасауды ұйымдастырса, учаскесіндегі барлық жұмыстарға, техника қауіпсіздігінің сақталуына өзі жауап берсе дейміз.  Бұл норма Халықаралық еңбек ұйымының «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек гигиенасы туралы» №167 еңбек конвенциясының 8-бабында  жазылған. Жұмыс берушілерді ынтымақты жауапкершілікке шақырады, - деп түсіндірді Бақытбек Қизатов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив