KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Торпедоның» халі мүшкіл

1.03.2018, 11:44 271

Өскемендік «Торпедо» Братина кубогы үшін таласты тоқтатуға жақын. Сенбі күні (басталуы кешкі сағат 18.30-да) өз айдынында нефтекамскілік «Тороспен» Жоғары хоккей лигасы плей-офф кезеңінің 1/8 финалдық сериясындағы бесінші кездесуін өткізетін жерлестеріміз жеңіліс табатын болса, ширек финалға шығу мүмкіндігінен түпкілікті айырылады.


Дәл қазір екі команда арасындағы текетіресте есеп 3:1-ге жетті. Бұл сериядағы төртінші матчты қарсыластар Нефтекамск қаласында өткізген болатын. Және бұл жолы да башқұртстандық хоккейшілер бір шайба айырмасымен жеңіске жетті. Гиматов пен Шиповтың шайбаларына торпедолықтар шабуылшы Артем Лихотниковтың дәл соққысымен ғана жауап бере алды. Қорытынды есеп 2:1 айдын иелерінің пайдасына.



Осылайша, онсыз да серияда ұтылып жатқан өскемендік команданың жағдайы тіптен қиындай түсті. Енді келесі кезеңге өткілері келсе, Мисхат Фахрутдинов бапкердің шәкірттеріне қатарынан үш ойында жеңіске жету керек. Әйтпесе, Братина кубогына иелік ету арманымен келесі маусымға дейін қош айтысуға тура келеді.


Естеріңізге салайық, плей-офф кезеңінде төрт ойында жеңіске жеткен команда келесі кезеңге жолдама алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив